Электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелер

Электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелер

Суық түскенде электр желілеріне түсетін жүктеме артады, сонымен бірге - жану, қысқа тұйықталу және токпен зақымдану қаупі де артады. Электр құралдары мен желілерге ұқыпты қарау - сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі. Әрбір адам маңызды ережелерді есте сақтауды еске саламыз: - Ескі, зақымдалған сымдарды пайдаланбаңыз; - Электр желісін жүктемеңіз; - Үйде балалар болса, розеткаларға қорғағыштарды орнатыңыз; - Электр сымдарын тексеру мен жөндеуді тек білікті мамандарға ғана тапсырыңыз; - Сөндіру құрылғылары мен сапалы автоматты ажыратқыштарды пайдаланыңыз. Есте сақтаңыз: сіздің қауіпсіздігіңіз - сіздің қолыңызда. Күршім ауданының ТЖБ