Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы: Мамандықты дұрыс таңдау -болашақтағы жетістіктің кепілі!

Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы:  Мамандықты дұрыс таңдау -болашақтағы жетістіктің кепілі!

Академияға күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары  (ер балалар және қыз балалар) қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары сертификатының балдарына сәйкес жүргізіледі. Академияға түсуге ынта білдірген азаматгар тұрғылықты жері бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне және оның аумақтық бөлімшелеріне өтініш береді. Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша қабылдау төрт кезеңнен түрады: бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді. Екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша окуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізеді. Үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сәйкес денешынықтыру дайындығы  бойынша сынақтар тапсырады. Төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу нәтижесіне сәйкес Академия курсанттары қатарына қабылдайды. Сонымен қатар шет елдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.

 

Академияда оқу шарттары

 

Курсанттар республикалық  бюджет есебінен оқытылады және барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану және мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Каникулярлық демалыс кезіндегі жолақысы төленеді. Оқу мерзімі - 4 жыл. Ер балалар 1 курстан 3 курсқа дейін Академия жатақханасында түрады, 4 курста өз есебінен жатақханадан тыс жерде Көкшетау қаласында түрады.

 

Толық  ақпарат алу үшін ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің Күршім ауданының ТЖ бөліміне 8(72339)-22-016 телефон нөмірі бойынша немесе Күршім ауылы, Н. Білімбаев көшесі, 9 мекенжайына хабарласуға болады.

 

Күршім ауданының ТЖБ