2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы»

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы»

2025 жылы–елімізде жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды қол еңбегі мен техникалық бағытқа баулу мақсатында «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды.

Тұрсын Елжан Бақытбекұлы 08.03.2002 жылы туған. 2022 жылы «Шығыс техникалық гуманитарлық колледжінде «Техник-механик» мамандығын бітіріп, 2025 жылы 2 маусым күні Мансап орталығына келіп, жұмыссыздыққа тіркелді. Мамандығы бойынша 18.06.2025 жылы «Қарлығаш» шаруа қожалығына жастар практикасы арқылы жұмысқа жолданды. Тәлімгері болып  Б.К.Анапиев тағайындалды. Бүгінгі күнге жастар практикасы арқылы мамандығы бойынша тәжірибе алып, тәлімгерінен білмеген жұмыстарын үйренуде. Е.Б.Тұрсын әртүрлі механикалық жабдықтар мен машиналарға қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысады. Оның міндеттеріне техниканың жұмыс қабілеттілігін сақтау, жоспарлы техникалық қызмет көрсету, диагностика  және ақауларды жою, сондай-ақ жаңа жабдықты орнату кіреді. Негізі техник-механик мамандығы өнеркәсіп, көлік, энергетика және ауыл шаруашылығын қоса алғанда, әртүрлі салаларда сұранысқа ие.