Косметологиялық қызметтер көрсетілген кезде тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Косметология саласы мен косметикалық өнімдерді сату – тұтынушылар нарығындағы ең сезімтал бағыттардың бірі. Бұл салада сапасыз қызметтер көрсету немесе өнімнің сипаттамасына сәйкес келмеу жағдайлары жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының заңнамасы мұндай жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен ақшалай қаражатты қайтару тәртібін нақты реттейді.
Практикалық мысал
2025 жылғы мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматша косметологиялық клиникаға қатысты шағыммен жүгінді. Оның айтуынша, ол жалпы сомасы 970 000 теңге болатын косметологиялық процедуралар абонементін бөліп төлеу арқылы рәсімдеген. Психологиялық қысымның әсерінен және келісімшартпен толық танысу мүмкіндігі болмағандықтан, ол құжатқа қол қойған. Алайда сол күні қызметтерден бас тартқан.
Арызданушы ақшасын қайтармақ болған кезде клиника жалпы соманың 15%-ы көлемінде (145 500 теңге) айыппұл ұстаған. Бұл жағдайда қызметтер әлі көрсетілмеген болатын.
Аталған жағдай косметология саласында қызметті таңдауға және келісімшартқа қол қоюға аса мұқият қарау қажеттігін көрсетеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті келесілерді ескертеді:
1)келісімшартқа қол қоймас бұрын оның барлық шарттарымен мұқият танысу қажет;
2)психологиялық қысым мен шектен тыс жарнамаларға бой алдырмаған жөн;
3)компанияның беделі мен қызметкерлерінің біліктілігіне, лицензияның болуына назар аудару қажет.
Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда азаматтарға E-otinish бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру немесе 8 (7232) 26-72-07 нөмірі бойынша Департаменттің жедел желісіне қоңырау шалу ұсынылады.