Тұтынушы тұрмыстық қызметтер туралы не білуі керек

Тұтынушы тұрмыстық қызметтер туралы не білуі керек

Тұтынушы тұрмыстық қызметтер туралы не білуі керек

Тұрмыстық қызметтер – бұл күнделікті қажеттіліктерімізді қанағаттандыру үшін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ұсынатын кез келген жұмыстар мен қызметтер. Бұған өте көп қызмет түрлері кіреді: киім тігу мен жиһаз жасаудан бастап, техниканы жөндеу, шаштараз қызметтері және тағы басқалар.

Маңыздысы – бұл қызметтердің барлығы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сәйкес реттеледі.

Сондықтан сіз осы қызметтерді пайдалана отырып, келесі құқықтарға ие екеніңізді білуіңіз керек:

  • қызмет көрсету туралы шартты еркін жасау құқығы;
  • қызмет және оны көрсетуші туралы ақпарат алу құқығы;
  • қауіпсіз қызмет алу құқығы;
  • қызметті еркін таңдау құқығы;
  • стандарттарға, тұтынушымен жасалған шарт талаптарына және қызмет туралы берілген ақпаратқа сай сапалы қызмет алу құқығы;
  • дайындалған (жөнделген) бұйымдардың және көрсетілген басқа да қызметтердің белгіленген пайдалану мерзімінде қауіпсіз болу құқығы;
  • дайындалған (жөнделген) бұйымдарға, ғимараттарға (тұрғын үйге) және т.б. қатысты кепілдік міндеттемелердің орындалуын талап ету құқығы;
  • шартта көрсетілген мерзімде қызметтің орындалуын талап ету;
  • көрсетілген қызметтердің кемшіліктерінен өмірге, денсаулыққа және/немесе мүлікке келген зиянды толық көлемде өтеуді талап ету;
  • моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету.

Егер сізге қызмет сапасыз көрсетілсе, сіз келесі нәрселерді талап ете аласыз:

  • көрсетілген қызметтегі кемшіліктерді тегін жоюды;
  • қызмет ақысының сәйкес мөлшерде азайтылуын;
  • сол сападағы материалдан жаңа бұйымды тегін дайындауды немесе қызметті қайта тегін көрсетуді;
  • шартта көзделген жағдайда кемшіліктерді жоюға кеткен шығындарыңызды өтеуді.

Ал мерзімге келсек, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, орындаушы жұмысты немесе қызметті шартта белгіленген мерзімде орындауға міндетті. Сонымен қатар, шартта қызметтің басталу және аяқталу мерзімі, сондай-ақ жұмыстың жеке кезеңдерінің аяқталу мерзімі – яғни аралық мерзімдер көрсетілуі мүмкін. Егер орындаушы жұмысты орындау мерзімдерін – басталу, аяқталу немесе аралық мерзімдерді бұзса, және бұл қызметті уақытында аяқтау мүмкін емес жағдайға әкелсе, тұтынушы шарттан бас тартып, келтірілген шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Қызмет көрсету барысында анықталған немесе көрсетілгеннен кейін анықталған кемшіліктер тиісті талап қойылған сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде жойылуы тиіс, егер шартта өзгеше мерзім көрсетілмесе.

Қызметтің басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы әрбір кешіктірілген күн үшін қызмет құнының бір пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті, егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе.

Алайда, егер қызмет көрсетуші жіберілген кемшіліктерді түзетуден бас                                             тартса, сіз оған жазбаша талаппен жүгінуге құқылысыз, егер күнтізбелік он күн ішінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өз еркімен өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, Сіз Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне мына нөмерғе хабарласуға болады 8(7232) 26-72-07   немесе "Е-өтініш" жүйесіне өтініш қалдырсаңыз болады.