Шатыр ұшуы

Шатыр ұшуы

Күршім ауданы табиғи сипаттағы әртүрлі төтенше жағдайларға бейім. Солардың бірі — желдің қатты соғуы, кейде желдің жылдамдығы 30 м/секундқа дейін жетеді. Бұл байланыс және электр желілерінің тіректерінің, ағаштардың құлауына және шатырлардың ұшуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар материалдық шығындарға, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуына, ал кейбір жағдайларда, өкінішке орай, адам өліміне себеп болуы мүмкін.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ғимарат шатырларын қорғау мақсатында келесі шараларды орындау маңызды:
— желдің әсеріне дұрыс есеп жүргізу;
— сапалы шатыр материалдары мен бекіту жүйесін таңдау;
— ескі, әлсіз құрылымдарды жою мәселесін қарастыру, өндірістік, тұрғын және басқа да ғимараттарды нығайту, желдің әсерінен болатын төтенше жағдайлар қаупін азайтуға бағытталған инженерлік-техникалық шаралар қабылдау;
— климаттық қолайсыз жағдайлар әсер ететін ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін тұрақты бақылау;
— білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, тұрғын үйлер және басқа да нысандар аумағындағы ағаштарды уақтылы кесіп ретке келтіру (кронировка) жұмыстарын ұйымдастыру.
Шатырлардың ұшуы, көбінесе, ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген немесе сапасыз шатыр материалдары пайдаланылған, не болмаса шатырдың дұрыс салынбаған ғимараттарда орын алады.
Күршім ауданының ТЖБ (төтенше жағдайлар бөлімі) тұрғындарды құрылыс нормаларын сақтауға, қажет болған жағдайда шатыр элементтерін ауыстыруға немесе нығайтуға, қауіпті метеорологиялық құбылыстар кезінде сақтық шараларын қатаң ұстануға, сондай-ақ 112 қызметінен келіп түсетін дауылды ескертулер туралы СМС-хабарламаларды елемеуге шақырады.