
2025 жылдың 25 маусым күні Күршім ауданы әкімдігінде "Ашық есік "күні өтіп, аудан тұрғындарына аудан әкімі М.Альбеков жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауға тұрғындар негізінен тұрғын үйдің жерін сызғызу, Үшбұлақ ауылында ескерткіш тақта орнатуға қолдау таныту, тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, туризмді дамытуға бағытталған шағын несие алу мәселелері бойынша сауалдарын алға тартты. Аудан әкімі тұрғындардың қабылдауда көтерген мәселелерді бақылауға алып, оңтайлы шешуді жауапты сала басшыларына тапсырды.