Орманды дала алқаптарында патрульдеу өткізілуде

Орманды дала алқаптарында патрульдеу өткізілуде

Күршім ауданының ТЖБ табиғи өрттердің туындау қаупін болдырмау және азайту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдын алу іс-шаралары кешенін өткізуде.
Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 30-дан астам бірлескен рейд пен патрульдеу жүргізілді. Жаппай демалу орындарында демалушылармен ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт анықталған жағдайда әрекеттер туралы әңгімелесулер өткізіледі.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.