Абайлаңыз, ашық терезе!

Абайлаңыз, ашық терезе!

Ашық терезе сіздің балаңыз үшін қауіпті болуы мүмкін. Жазатайым оқиғалардың негізі себептері — ересек адамдардың балаларды қараусыз қалдыруы. Жыл сайын биіктіктен құлаудың салдарынан көптеген балалар жарақат алады.
Күршім ауданының ТЖБ ескертеді:
- кішкентай балаларды әрқашан қадағалаңыз;
- москит торларына толық сенім артуға болмайды, олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат етпеңіз.
Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!