Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Бұл үлкен алаңдаушылық туғызуда.
Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Күршім ауданының ТЖБ ескертеді:
- терезелерге арнайы қорғаныс бекітпелерін орнатыңыз;
- терезе маңына жиһаз қоймаңыз -бұл балалардың жоғары көтерілуіне мүмкіндік береді;
- москит торларына сенбеңіз олар құлаудан қорғамайды;
- балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!