Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Все материалы
02 апреля 2025
Құрметті Күршім ауданының тұрғындары!

«Күршім ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулы жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтемеге өту қажет

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504524

02 апреля 2025
Құрметті Күршім ауданының тұрғындары!

«Күршім ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» қаулы жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтемеге өту қажет

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504476

02 апреля 2025
Құрметті Күршім ауданының тұрғындары!

«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы 2024 жылдың 5 қыркүйегіндегі №423 Қаулының күшін жою туралы» қаулы жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтемеге өту қажет

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504182

02 апреля 2025
Құрметті Күршім ауданының тұрғындары!

Құрметті Күршім ауданының тұрғындары!

«Күршім ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулы жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтемеге өту қажет

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504524

02 апреля 2025
Құрметті Күршім ауданының тұрғындары!

«Күршім ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» қаулы жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

 

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтемеге өту қажет

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504524

02 апреля 2025
Өскеменде кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтін болады

1 сәуірден бастап Өскемен тұрғындарын кезекші кесте бойынша Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) қабылдайды. Бұған дейін Белинский көшесі, 37а бойынша ХҚКО кезекші болған.

Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚКО әдеттегі кестеден айырмашылығы жұмыс күндері сағат 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күндері-8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл ретте мамандандырылған ХҚКО кезекшісінің мекенжайы өзгеріссіз қалады: Самара тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 8:00 – ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбіде 8:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, ШҚО-ның басқа ХҚКО-лары азаматтарға стандартты кесте бойынша қызмет көрсетеді: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін.

 

01 апреля 2025
Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады.

Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады. Желді ауа райында от лезде саяжай қауымдастықтарына, ағаш құрылымдарға және орман аймағына таралуы мүмкін.

Өрт қаупі жоғары кезеңде келесі ережелерді сақтау қажет:

Елді мекендер аумағында жанғыш қалдықтарды төкпеңіз.

Саяжай қауымдастықтарының айналасында минералданған жолақтар жасалуы керек.

Саяжай учаскелерінде су толтырылған бөшке және бастапқы өрт сөндіру құралдары болсын.

Құрғақ шөпті өртеуге болмайды.

Құрғақ және желді ауа райында от жақпаңыз, өшірілмеген отты қалдырмаңыз.

Балалардың отқа қауіпті заттармен ойнауына жол бермеңіз.

Жеке учаскеңіздің айналасындағы құрғақ шөпті шабыңыз.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне шұғыл хабарласыңыз.

31 марта 2025
Құрметті Күршім ауданының тұрғындары Сіздерді Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулы жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Құрметті Күршім ауданының тұрғындары Сіздерді Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулы жобасын талқылауға белсенді  қатысуға шақырамыз.

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет.  

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15502094

28 марта 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің

2025 жылғы 1 наурыздағы инвестициялық портфельдері  

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 650,19 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 278,12 млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 308,83 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,23 млрд теңге.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

2025 жылғы 1 наурызға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,65%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,73%, ҚРҰБ депозиттері – 4,67%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,48%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,65%, МҚҰ - 1,35%.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,02%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,98%.  

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 281,71 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 2,77 млрд теңге.  

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,74%, ал инфляция деңгейі 9,4% көрсетті.

2025 жылғы 1 наурыздағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 79,11%, РЕПО операциялары – 16,11%, ҚРҰБ депозиттері – 4,29%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.  

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,84% болды.

 Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды. Инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,23 млрд теңгеден асады.

01.03.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,27 млрд теңге. 

Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 23,37%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,93%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 18,68%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,96%, РЕПО – 7,08%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,63%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,74%. Атап кетейік, портфельдің 65,17% теңгемен, 33,53% АҚШ долларымен, 1,30% - басқа валюталарда ұсынылған.  

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,56% болды.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,15 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 11,67%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 17,91%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,66%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,52%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,04%,  Қазақстан Республикасындағы ұйымдар шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,84%.   

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 68,34%, АҚШ долларымен 31,66% тең.

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,26% болды.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,72 млрд теңге.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 23,90%, ҚР ЕДБ облигациялары – 21,29%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,36%, РЕПО – 11,03%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,00%, пайлар (ETF индекстеріне) – 3,00%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 80,36%, АҚШ долларымен 19,64%.

 2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,01% болды.

"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.03.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,11 млрд теңге.

ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 25,91% инвестицияланды, РЕПО – 15,79%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,68%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 13,00%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,64%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 6,86%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,92%.

Ұлттық валютада портфельдің 80,49%, АҚШ долларында – 19,51% инвестицияланды .

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,19% болды.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 38,99 млрд теңге болды. 

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,87%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 12,77%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,02%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,66%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,15%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,39%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,55%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,13%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 62,99%, АҚШ долларында – 37,01% инвестицияланды.

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,76% болды.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

 

 

 

 

 

 

28 марта 2025
Отандастарымыздың зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артты

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 22,68 трлн теңгеден асты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен 4,18 трлн теңгеге (немесе 22,6%) артты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 8,14 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден асты.

Кіріс

2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 19,9% немесе 82,46 млрд теңгеге артық).

МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025 жылға дейін шамамен 416,04 млрд теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық) түсті, МКЗЖ  - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%).  2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ  көлемі – 58,28 млрд теңге.

 

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 260,32 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 129,49 млрд теңгеге немесе 99% көп.

Шамамен 157,89 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 36,98 млрд теңгеден асады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,8% жоғары. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 616 теңге.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 11,93 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – шамамен 5,99 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 551,18 млн аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 1,85 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 45,13 млрд теңге аударылды.

 

ЖЗШ саны

2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,36 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 наурызына  12,53 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,16млн - МЗЖ бойынша, 724,04 мыңы - МКЗЖ бойынша, 444,64 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,83 млн бірліктен асты.  

 

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы