Марқакөл ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Марқакөл ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Марқакөл ауданының әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлы Марқакөл ауылдық округі әкіміне жаңадан сайланған Қизатов Қуат Қизатұлын аудандық бөлім басшыларына, мекеме қызметкерлеріне таныстырды.
Қуат Қизатұлы мемлекеттік қызметте, сот жүйесінде, халыққа қызмет көрсету орталығында көп жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келген, жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын азамат.
Қуат Кизатұлын жаңа лауазымымен құттықтай келе, аудан басшылығы атынан, халық атынан зор сенім арта отырып қызметіне сәттілік тілейміз!