Марқакөл ауылында ет деликатестері мен сүт өнімдері жәрмеңкесі өткізілді. Глубокое ауданы жеке кәсіпкерлерінің табиғи таза өнімдері саудаланды. Округ тұрғындары дәмді шұжықтар: жылқы шұжығы, сиыр бауырынан жасалған шұжық, краков шұжығы, шырынды шұжықтар, бұзау еті, пеште пісірілген күркетауық, ысталған күркетауық, қазанда қуырылған жылқы-тауық етінің шұжығы, грильде қуырылған тауық, сонымен қатар табиғи сары май, сулугуни, ешкі сүтінен әзірленген ірімшік, фета ірімшігі, моцарелла ірімшігі, қатты ірімшіктер мен қатар таза табиғи сүттен жасалған сүзбе, дәмді халва өнімін қол жетімді бағамен алып, мәз-мейрам боп тарқасты.