"Құқық кабинетінің" жұмысы туралы

"Құқық кабинетінің" жұмысы туралы

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес "ШҚО Күршім ауданы Құйған ауылдық округ әкімі аппараты" ММ ғимаратында "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында  "Құқық кабинеті" жұмыс жасайды.

Жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс күндері.

Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.