мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқау

мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқау

2025 жылдың 23 қазан күні ШҚО  лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ұлттық ономастика-Ел айнасы» атты байқау өткізілді. Байқауға әр ауданнан келген 6 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Күршім ауданынан келген «Қазына» командасы «Бас жүлде» иегері атанды. Команда құрамында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Л.Сайлаубекова, Құйған ауылдық округінің бас маман іс-басқарушысы М.Дукетаева, Күршім ауылдық округінің жетекші маман А.Дүйсенғазина. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!