Ағымдағы жылдың 12 қараша күні аудан әкімі Қалғұты ауылдық округіне қарасты елді мекендеріне (Қаратоғай, Ақши) келіп, толығымен аяқталған және атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, сапасын тексеріп қайтты. Іс-сапар барысында «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарлама аясында салынып, қолданысқа (көп балалы отбасыларына) берілген жеке үш тұрғын үй иелерімен сөйлесті.
Қаратоғай, Ақши ауылындағы ішкі жолдардың орташа жөндеуден өткен жұмыстардың сапасын көрді. Қаратоғай ауылы Б.Момышұлы көшесі бойындағы салынып жатқан екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша мердігерлерге тапсырма берілді. Сонымен қатар, Қаратоғай орта мекпебінің жылыту маусымына дайындығын тексерді.