Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі

Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі

➤ Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

➤ Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғалы ТЖБ қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары арасында 84 мыңнан астам үйлерді аралап шықты.

- Шығыс Қазақстан үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір айлық жұмыс емес. Бұл жыл бойы жалғасуы керек. Біз орман өртін алдын алдық, енді әкімдер жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауы керек, - деді өңір басшысы.

➤ Тексеру барысында тұрғындар арасында пешпен жылытуға, сондай-ақ электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты бұзушылықтар анықталды. 17 мыңнан астам заң бұзушылық орнында жойылды.

- Осындай жағдайға бей-жай қарамаңыздар. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмірқышқыл газының датчиктерін орнату керек. 5 жыл ішінде 42 адам аман қалды. Сондықтан, ақшадан ары адамдардығ өмірлері маңызды, - деп қосты Ермек Көшербаев.

➤ Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 16 мыңнан астам көмірқышқыл газының датчигі орнатылған.