
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметінше
(https://www.bleepingcomputer.com/news/security/apple-account-change-alerts-abused-to-sendphishing-emails/, https://itspeaker.ru/news/khakery-atakuyut-polzovateley-
apple/, https://securitymedia.org/news/list/apple-prevratili-v-fishing-retranslyator-moshenniki-
vshivayut-primanku-v-legitimnye-uvedomleniya.html), қаскөйлер PayPal төлем жүйесін пайдалану арқылы iPhone құрылғысын сатып алу туралы жалған хабарламалар таратуда.
Мұндай хаттар барынша шынайы көрінеді, себебі киберқылмыскерлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын қолдан өзгертіп жібереді.
Хат мәтінінде пайдаланушыға iPhone құрылғысы сатып алынғаны туралы хабарланып, транзакцияны тоқтату ұсынылады. Ол үшін көрсетілген телефон нөмірі арқылы «қолдау қызметіне» хабарласу қажет екені айтылады.
Қоңырау барысында алаяқтар пайдаланушыны Apple ID аккаунты бұзылды деп сендіріп, аккаунтты «қорғау» сылтауымен:
Цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым шараларын сақтау ұсынылады:
Осындай хабарламаларды алған жағдайда дереу ресми қолдау қызметіне жүгініп, құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.
Сақ болыңыздар: кез келген күтпеген хабарламаларға сенбеңіздер.