Күршім ауданының әкімімен кездесу

Күршім ауданының әкімімен кездесу

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында халықпен кездесулер жүргізу кестесіне сәйкес, Қаратоғай ауылының ауылдық клубында, Ақши, Егіндібұлақ ауылдарында аудан әкімінің халықпен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берілді, ауыл тұрғындарының қалыптасқан мәселелері тыңдалды,  ағымдағы жылда жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат жеткізілді. Жеке қойылған сұрақтар бойынша жан-жақты жауап берілді, мәселе бақылаудан алынды.