Бүгін «Катонқарағай ауданының тұрақты даму қорының» өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Басқосуда ауданның бірыңғай дизайн-кодын енгізу жайы сөз болып, оның елді мекендердің келбетін жақсартудағы рөлі кеңінен талқыланды. Бұл құжаттың ауданның эстетикалық үйлесімі мен туристік тартымдылығын арттыруға үлкен үлес қосатыны анық.
Сонымен қатар, қор қызметінің басты бағыттарының бірі — ауданға инвестиция тарту екені де айтылды. Қазіргі уақытта бұл бағытта нақты жобалар іске асырылып, инвесторлармен тығыз байланыс орнату жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу мазмұнды өтті. Тараптар алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты нығайтып, ауданның дамуына бірлесе үлес қосуға ниетті.