
🛩️Бүгін Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Катонқарағай ауданына жұмыс сапарымен келіп, салынып жатқан халықаралық әуежай құрылысының барысымен танысты.
✅ Әуежайдың ұшу-қону жолағы 2000 метрден асатын болады. Бұл ATR-72 және Q-400 Bombardier секілді 70 жолаушыға дейін сыятын ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Алматы, Астана және өзге де ірі қалалардан тікелей әуе рейстері ашылады деп жоспарлануда.
✈️Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың қазан айында аяқтау көзделген.