АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» - зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз 

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы  13 желтоқсан күндері «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күнінде БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы активтерін басқару туралы ақпаратты тікелей инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) өкілдерінен алу сияқты бірегей мүмкіндік беріледі. Әр ИПБ өзінің инвестициялау стратегиясын таныстырады және іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. БЖЗҚ мамандары ИПБ туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын және салымшы өз таңдауын жасаған болса, жинақтарды қалауы түскен ИПБ-ға қалай аударуға болатыны жайлы түсініктеме береді.  

2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігіне ие болды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын еді. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді: енді БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 50% дейін, ал ерікті жарналарын 100% жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.

Кездесу онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.

  Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың  13 желтоқсан күндері 10:00, 14:00, 16:00 өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек,  сілтеме бойынша өту қажет.

Event-совещание:

Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»

Дата и время мероприятия:

10:00 жұма  13 желтоқсан 2024г

14:00 жұма 13 желтоқсан 2024г  

16:00 жұма 13 желтоқсан 2024г  

Адрес event-совещания для посетителей:

https://enpf.webex.com/weblink/register/rcc32c063f55ee943d32170c2c6667ce7

 

https://enpf.webex.com/weblink/register/ra8dbcddee1c960da4533646c2651cb34

 

 

https://enpf.webex.com/weblink/register/rd3e5311ac8a76f674e354a5b0aa2d2bd

 

 

Номер event-совещания:

2513 434 5662

 

 

2511 119 2922

 

2513 316 5200

 

Пароль event-совещания:

223311

 

124457

 

152421

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).