"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметі туралы ақпарат.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметі  туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 мамырдағы № 141 бұйрығымен «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін ақпараттандырамыз.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енді адамның (отбасының) кәсіпкерлік қызметтен алған жиынтық табысын есептеу кезінде келесі кірістер ескеріледі:

      1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;

      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату құнының өсуінен түскен;

      3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған кіріс ескеріледі.

       Шаруа қожалығы мүшелерінің жиынтық кірісін есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген) бекітілген Салық есептілігін жасау қағидаларына сәйкес салық органдарына ұсынылатын алынған кіріс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудан нақты алынған кіріс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық кіріс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық кірісі қосылады;

      4) тәуелсіз қызметкерлердің қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі. Бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі;

      5) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның қызметі нәтижесінде алынған кіріс ескеріледі.

      Адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алған бір айдағы кірісі алдыңғы салық кезеңі үшін мәлімделген кірістің сомасын осындай салық кезеңіндегі айлар санына бөлу жолымен айқындалады.

      Бұл ретте патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер бойынша бір айдағы табыс сомасы патент құнын есептеуде декларацияланған табыс сомасын осындай есепте көрсетілген айлар санына бөлу жолымен айқындалады.

       Бұл ретте, егер декларацияда көрсетілген табыстың орташа сомасы айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда жиынтық кірісіне айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшеріндегі сома ескеріледі.

      Жиынтық кіріс алынған шаманы кірістің орташа сомасынан не есепке жатқызуға белгіленген кіріс мөлшерін үш айға көбейту жолымен айқындалады, бұл ретте кіріс айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен төмен емес ескеріледі.";

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына да өзгерістер енгізілді.

       Өтініш қабылдау кезінде мансап орталығы немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) мынадай мәліметтерді алу үшін дербес сұрау салуды қалыптастырады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

      2) қандас мәртебесі туралы;

      3) босқын мәртебесі туралы;

      4) шетелдік мәртебесі туралы;

      5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;

      6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

      7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

      8) мүгедектікті белгілеу туралы;

      9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

      10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

      11) бала асырап алу туралы;

      12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) (некені бұзуды) тіркеу туралы;

      13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;

      14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

      15) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы;

      16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

      17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

      18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

      19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

      20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;

      21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

      22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;

      23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;

      24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы;

      25) іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы.

      Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді.

      Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.