"Бастау Бизнес": оқыту ғана емес, жақсы мүмкіндіктер

"Бастау Бизнес": оқыту ғана емес, жақсы мүмкіндіктер

Шеина Рамина Әнуарқызы көпбалалы ана және мемлекеттік грант алушылардың бірі. Алынған грант сомасы 1 380 000 теңгені (400 АЕК) құрады.  Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлікті оқып, өз ісін ашты.

Ол "Жеке іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу"бизнес-жобасын іске асыруда. Бүгінгі таңда жоба өзекті және сұранысқа ие. Рамина Әнуарқызы Шеина Үлкен Нарын ауылында тұрады.

Шейна Рамина Әнуарқызы төрт баланың анасы, бірақ бұл оның жоспарларын жүзеге асыруға кедергі емес.

Гранттық қаражатқа бес бойлық қуыршақ (аю, қоян, сайқымазақ костюмі) сатып алынды. Сонымен қатар  арнайы эффект үшін түтін мен сабын көпіршіктерінің генераторын, үрлемелі батут пен бассейнді сатып алды,  бассейнде балалар төселген шарларға секіреді.

Шеина Рамина тұрғындардан балалардың мерекелеріне  және де басқа да мерейтойларға қуыршақтармен құттықтаулар және олармен бірге  фотосессия жасауға, сондай-ақ шарлар, батуттар, бассейн қызметтеріне  өтінім қабылдайды.