Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру" жөніндегі бағдарламаны іске асыру мақсатында Катонқарағай ауданының мансап орталығы жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдауын жариялайды

 

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

 

       Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау жолымен жүзеге асырылады.

       Арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, мансап орталықтарымен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

       Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жұмыс орындарына орналастыру мүмкіндігі туралы ақпараттандыруды:

      еңбек мобильділігі орталығы тиісті өңірдің мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне ақпарат жолдау арқылы ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы;

      мүгедектігі бар адамның өзі жүгінген кезінде мансап орталығы жүргізеді.

       Мансап орталығы:

      1) арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты субсидиялау жөніндегі жұмыс берушілерге конcультация береді;

      2) жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде интернет-ресурстарға және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы арнайы жұмыс орындарын субсидиялауға ұйымға өтінімдер жинаудың басталғаны туралы жұмыс берушілерге ақпарат береді;

      3) жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, мансап орталығы арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – Өтінім) немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      4) қаржы жылы ішінде қаражат болған жағдайда арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден қосымша өтінімдер қабылдайды.

      Жұмыс беруші мансап орталығына жүгінген кезде өтінімге қоса беріледі:

      1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға және мүгедектігі бар адамдардың жалақысына арналған шығыстар сметасы;

      2) банкте шоттың болуы туралы анықтама.

      Келесі жағдайда мансап орталығы:

      1) ұсынылған Өтінімге сәйкестігі, ұсынылған құжаттардың жинақтылығы, өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы – Өтінімді қабылдайды, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы алған кезде - Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді;

      2) ұсынылған Өтінімге сәйкес келмеген, ұсынылған құжаттар жиынтықталмаған және (немесе) өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болмаған кезде – Өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алған кезде – жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне хабарлама жібереді.

       Мансап орталығы қарауға қабылдаған Өтінімдер 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады және еңбек мобильділігі орталығына бекіту үшін жіберіледі.

       Еңбек мобильділігі орталығы арнайы жұмыс орындарын құруға Өтінім мақұлданған жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін оны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес бекітеді.

      Мансап орталығы Өтінім мақұлданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс берушіге ұялы байланыстың/пошта байланысының/электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлама жібереді.

      Өтінімді электрондық еңбек биржасы арқылы алған жағдайда – Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді.

       Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге субсидия беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мансап орталығы (еңбек мобильділігі орталығы) мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      Жұмыс берушінің Өтінімін Электрондық еңбек биржасы арқылы алған және мақұлдаған жағдайда, мансап орталығы (еңбек мобильділігі орталығы) 2 жұмыс күні ішінде бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған шартты жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жібереді.

      Жұмыс беруші 3 жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасының жеке кабинетінде алынған шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны Электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы мапсап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) жібереді.

       Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға, мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

      Жұмыс берушілерге субсидиялар уақытша жұмыс орындарын жарақтандыруға берілмейді.

       Субсидиялар жұмыс берушілерге келесі жағдайларда беріледі:

      1) құрылатын арнайы жұмыс орындарының мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орнының стандарттарына сәйкес келуі;

      2) мүгедектігі бар адамдарды тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау;

      3) жұмыс берушіде жалақы бойынша берешектің болмауы;

      4) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;

      5) жұмыс берушінің құрылған арнайы жұмыс орындарында атқарып отырған лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуін қамтамасыз етуі.

       Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жайластыру (жабдықтау) жөніндегі жұмыстарды орындағаннан кейін жасалған шартқа және бұрын ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес жұмыс беруші мансап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) атқарылған жұмыс туралы есепке (бұдан әрі – есеп) қол қоюға және субсидия алуға ұсынады не оны электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы қол қойылған электрондық цифрлық қолтаңбамен жібереді.

       Мансап орталығының есепті тексеру мерзімі оны ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

      Есепте қамтылған мәліметтер арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған өтінімге сәйкес келмеген жағдайда мансап орталығы есепті қайтару себептерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарады.

       Жұмыс берушіге субсидиялар есеп қабылданғаннан және орындалған жұмыстар актісіне қол қойылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде аударылады.

       Мансап орталығы мүгедектігі бар адамдарға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.

       Еңбек мобильділігі орталықтары Кодекстің 111-бабының 10-тармағында айқындалатын тәртіпке сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың жалақысын кемінде 3 (үш) жыл мерзімге жасалған еңбек шарты негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.

      Еңбек мобильділігі орталығы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне жұмыс берушінің есеп шотына жалақыға субсидиялар аударады.

      Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысына ай сайынғы субсидиялар мөлшері:

      1) жұмысқа орналастырудың алғашқы 12 айы-жалақы мөлшерінің 70 %, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

      2) жұмысқа орналастырудың 13-24 айын қоса алғанда-жалақы мөлшерінің 65 %, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

      3) жұмысқа орналастырудың 25-36 айын қоса алғанда – жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

       Еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мансап орталығы арқылы денсаулық жағдайы құрылған арнайы жұмыс орнына жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мүгедектігі бар адам болып табылатын басқа жұмыскерді жұмысқа қабылдайды.

       Мансап орталығы:

      1) жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдардың міндетті зейнетақы төлемдерінің болуына мониторинг жүргізеді;

      2) жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін жұмыс берушіден қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады.

"Мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын" құруға дайын жұмыс берушілер "Катонқарағай ауданының мансап орталығы" КММ-не субсидиялауға өтінімдерді Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 109а мекенжайы бойынша бере алады. Тел: 8(723-41)2-14-39, 8(723-41)2-95-28;