Көлік құралын мас күйінде басқару үшін жаукершілік

Көлік құралын мас күйінде басқару үшін жаукершілік

Жыл сайын мас жүргізушілердің әрекетінен Қазақстан жолдарында жол-көлік оқиғалары орын алып, саларынан автокөлік жоларының басқа қатысушыларының және мас жүргізушінің өзінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіріледі.

 Осындай әрекеттердің алдын-алу мақсатында авокөлікті алкогольдік мас күйінде басқаруға қатысты қатаң жаза көзделіп, көлік құралын басқару құқығын айыру мерзімі  артып, міндетті түрде әкімшілік қамаққа алу жазасы бекітілді.

Жүргізушінің мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін  жауапкершілік Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабында қарастырылған.

Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Мас жүргізушінің жәбіленушінің денсаулығына залал келтіруі жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап мас күйінде көлік жүргізу жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға, ал мас жүргізушінің қайталап жәбірленушінің денсаулығына залал келтіруі жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  346-бабы).

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлғалының көлік құралын алкоголдік мас күйінде  басқаруы үшін,   көлік құралдарын басқару құқынан өмір бойына айыра отырып, айыппұл,    түзеу жұмыстарына,   қоғамдық жұмыстарға тартуға, бас бостандығын шектеу, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық құқықбұзшылықтың қоғамға қауіптілігін ескеріп соттар көп жағдайда мас жүргізушіге өмір бойыға көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, қоғамнан оқшаулайды.

Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігі мас жүргізушінің көлік басқаруда реакциясының төмендеуі, көліктің жүруін, оның қозғалысын дұрыс бақылау алмауы,  жол жағдайын  дұрыс бағалай алмауы, орын алған қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алмауы көлік басқаруда қателіктерге алып келіп, салдарынан жол-жөлік оқиғасының орын алып,  жолдың басқа қатысушыларының  денсаулығымен өміріне қауіп тудыруы болып табылады.

 

 

Катонқарағай аудандық сотының судьясы

А.Кенесбекова