Қыс - жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін ең қиын кезең!

Қыс - жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін ең қиын кезең!

Қыс - жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін ең қиын кезең! Жауған қар мен көктайғақтың салдарынан автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы күрделене түсуде. Есіңізде болсын, жолдан өту кезінде құлаққапты пайдалану өте қауіпті, сонымен қатар жолдың жанында орналасқан сырғанақта жүру, жолдың жанында ойнау қауіпті. Қарда көріну айтарлықтай нашарлайды, сырғанақтар пайда болады, жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозғалысы шектеледі және қиындайды.
​Жолдағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауды еске саламыз. Катонқарағай ауданының ТЖБ, тұрғындарға ауа-райының қолайсыздығында (боран, аяз, көктайғақ және т.б.) ауылдан тыс жерлерге бармауға кеңес береді.​ Жол ережелерін білу және сақтау сіздің өміріңіздің қауіпсіздігінің кепілі екенін әрқашан есте сақтаңыз.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​   Сондай-ақ, Катонқарағай ауданының ТЖ бөлімі Сіздердің назарларыңызға дауылды ескертулер, трассалардың ашылуы/жабылуы және мектептердегі сабақтардың тоқтатылуы туралы лезде хабарлайтын тегін Darmen қосымшасы бар екенін жеткізеді. Осыған байланысты осы Darmen мобильді қосымшасын орнатуды ұсынамыз. Ол үшін қосымшаны жүктеп алып, "бас қала" тұрғылықты жерін (облыстардың тұрғындары, облыс орталығының қаласын таңдау қажет) орнатып, барлық жедел ақпаратты алу қажет.