Аймақта аяздың тұрақталуына байланысты, кейбір аудандарда термометрлердің бағандары -30 градусқа дейін төмендеді.

Аймақта аяздың тұрақталуына байланысты, кейбір аудандарда термометрлердің бағандары -30 градусқа дейін төмендеді.

Аймақта аяздың тұрақталуына байланысты, кейбір аудандарда термометрлердің бағандары -30 градусқа дейін төмендеді. Аяздың басталуымен өрт туралы хабарламалар жиілеп кетті. Жеке үйлер ғана емес, суықта көліктер де өртенуі мүмкін. Әрдайым дерлік адам факторы себеп болады: қауіпсіздік ережелерін ескермеу немесе елемеу.

Әсіресе АВТО өрттер суық мезгілде болады. Автокөлік электр сымдарының, электр жабдықтарының, "автоматты іске қосудың", аккумуляторлық батареяның немесе жанармай жүйесінің, отынның ағып кетуіне байланысты жануы мүмкін.
Суық ауа райының басталуына дейін көлікке техникалық қызмет көрсету, оның барлық жүйелерін, механизмдері мен түйіндерін тексеру қажет. Бүкіл борттық жүйе жұмыс істеуі керек.

Автокөлікті қолдану кезіндегі қәуіпсіздік ережелері:
- көліктің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
- электр жабдықтарын өз бетіңізше орнатумен айналыспаңыз;
- уақтылы техникалық байқаудан өтіңіз;
- көлікте өрт сөндіргіш құралдары болу керек.