Сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Сайлау учаскесі орналасқан объектінің басшысы сайлау комиссиясының төрағасымен бірлесіп, сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларының жарамдылығын (суды міндетті түрде іске қосумен) тексеру, автоматты өрт дабылы мен өрт сөндіру жүйелерін сынап көру, сондай-ақ басқа да қажетті тексерулер жүргізу қажет. Объектінің басшысы мен сайлау комиссиясының төрағасы алғашқы өрт сөндіру құралдарының, өрт автоматикасының, байланыс және хабарлау құралдарының болуын, жарамдылығын және қолдануға тұрақты жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт кезіндегі іс-қимылдар туралы қол қойғызып, сайлау комиссиясының мүшелері мен қызмет көрсетуге тартылған персоналға нұсқау беруге міндетті.
​ ​ Бұдан басқа, өрт туындаған жағдайда адамдарды эвакуациялаудың қабатты жоспарларын (схемаларын), қызмет көрсетуші персоналдың және сайлау комиссиясы мүшелерінің адамдарды, бюллетеньдер мен мүлікті эвакуациялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылын айқындайтын нұсқаулықтарды әзірлеу және көрнекті орындарға іліп қою қажет. Адамдарды өрт туралы хабардар ету тәртібі, тамақ дайындау орындары белгіленуі және жылыту аспаптарын пайдалану тәртібі айқындалуы тиіс. Сайлау учаскесінде осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс темекі шегуге жол берілмейді.​ ​ Сайлау учаскесі орналасқан ғимараттан эвакуациялау жолдарын еркін ұстау қажет..
​ ​ Өрт немесе оның белгілері пайда болған кезде:
-бұл туралы дереу телефон арқылы өрт сөндіру авариялық-құтқару бөлімшесіне хабарлау қажет.
- өрт сөндіру авариялық-құтқару техникасы келгенге дейін адамдарды, материалдық құндылықтарды эвакуациялау, өртті сөндіру және тіршілікті қамтамасыз ету шұғыл қызметтерінің кездесуі жөнінде шаралар қабылдасын.