Өртеу

Өртеу

Өртеу - қасақана іс-әрекеттер нәтижесінде өздігінен таралатын өрттің туындауына әкеп соқтыратын тұтану. Қазақстан Республикасында, мүлікті өртеу жолымен жою немесе бүлдіру, ҚР Қылмыстық кодексінде "Бөтеннің мүлігін қасақана жою немесе бүлдіру" 202-бабында қылмыс болып табылады.

Елеулі залал келтірген бөтеннің мүлігін қасақана жою немесе бүлдіруі - екі мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Есіңізде болсын, өртеу қайтымсыз салдарға әкелуі мүмкін.