Жаңадан тағайындалған судья ұсынды

Жаңадан  тағайындалған судья ұсынды

Катонқарағай аудандық сотының төрағасы жаңадан тағайындалған судья Кенесбекова Айман Шарипкановнаны ұжымға таныстырды.

Кенесбекова Айман Шарипкановна 1981 жылдың 14 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Еңбек өтілін 2005 жылы сот жүйесінде бастаған, ШҚО Жарма, Аягөз, Бородулиха аудандық соттарында, Алматы аудандық сотында, Астана қаласында, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жұмыс атқарған. 2018 жылдан 2022 жылға дейін Семей қалалық сотының кеңсе меңгерушісі болып жұмыс атқарды. Елбасының 2022 жылдың 17 қыркүйегіндегі № 1009 жарлығымен Кенесбекова Айман Шарипкановна Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық сотына судья лауазымына тағайындалды.

Сот төрағасы жаңадан тағайындалған судьяға үлкен жетістіктер мен жұмысында сәттілік тіледі.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі