Жаздың келуімен дала өрттері көбейді. Қазіргі кезде дала өрттерінің пайда болуы адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзуымен тікелей байланысты. Қоқыс жаққан кезде өрт қауіпсіздігін сақтамау, далада от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын және сіріңкелерді тастауы дала өртінің пайда болуына әкеліп соғады.Дала өрттері жануарларға және өсімдіктерге елеулі зиян келтіреді. Адамдардың үлкен қиындықпен өсірілген өнімдерін жоюы мүмкін. Дала өрті тез тарайды, көптеген ұсақ жануарлар және дала құстары оттан қашып үлгере алмайды, өйткені құстар мен аңдардың көпшілігі ұрпақтарын көбейтумен айналасады.
Өрт атмосфераның ластауына әкеліп соғады.Кейбір жайылымдық жерлер иелері осы аумақта өсіп жатқан шөп сапасын жақсарту мақсатында, әдейі даланы өртейді. Мұндай іс-әрекеттер тек осы жердегі экожүйенің әлсіреуіне әкеледі.
Күл, өсімдіктер үшін жақсы тыңайтқыш болып табылады, бірақ бұл бөлшектердің пайдасы аз, себебі жел оларды пайда әкелуден әлдеқайда ерте ұшырып әкетеді. Дала өртінен кейін шөптер, топырақты эрозиядан қорғамайды, сонымен қатар сол жерде шөптің аз өсуіне немесе мүлдем өспеуіне алып келіп, шөлді жерлерді көбейтуі мүмкін. Дала өрті пайда болған жағдайда ең алдымен ақпаратты өрт сөндіру қызметіне 101-ге хабарлау қажет. Дала өрттері жақын манайда орман, тұрғын үйілер, шабылған жем-шөптерге қыруар шығын әкеледі.
Катонқарағай ауданының ТЖБ