Жылыту маусымына дайындық

Жылыту маусымына дайындық

"Ескертілген- яғни қарулы" ережесі біздің өміріміздің барлық саласында қатаң жұмыс істейді. Дайындық үшін әлі де уақыт бар сияқты  және де  терезе сыртында +20 градустық ауа- райынан алдағы жылыту маусымы жайында ойламаймыз, бұл туралы ойланғымыз да келмейді, дегенмен, бар жұмысты қазір жүргізу керек. Жыл сайын жылыту кезеңінің басталуымен электр қондырғыларымен және пешпен жылытудың жарамсыздығынан немесе пайдалану ережелерінің бұзылуынан тұрғын секторларында өрттердің саны ұлғаяды. Сондықтан еске саламыз!Пешті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Жылыту маусымы басталар алдында пештерді тексеру және жөндеу қажет.

Жылыту пештерінің түтіндіктері мен басқа да элементтерін жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде айына кемінде бір рет күйеден тазарту қажет.

Пештерде заттар мен отынды кептіруге тыйым салынады, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол берілмейді.

Әр есіктің алдында өлшемі кемінде 50х70 см болатын металл жабындысы болу керек.

Шатырдағы мұржалар мен қабырғаларды сылап, канал жолдарын ағарту керек.

Отынды арнайы жабдықталған үй-жайда немесе арнайы бөлінген орындарда жанғыш құрылымдардан кемінде сегіз метр қашықтықта сақтау керек.

Қоралар мен басқа да шаруашылықтардың төбелеріне мал азығы мен шөп ашытқысын жинауға тыйым салынады.

Үйлер мен коттедждердің жанында қоқысты бақылаусыз жағуға тыйым салынады.