«Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілгендігін хабарлайды.

«Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілгендігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілгендігін хабарлайды.

Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті.

Артықшылықтары:

  1. eGov mobile арқылы ЭЦҚ алу;
  2. Компьютерде ЭЦҚ қажеттілігінің болмауы (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде);
  3. Мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеті жоқ;
  4. Мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою.

 

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.