Ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарындағы өрт қәуіпсіздік ережелері

Ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарындағы өрт қәуіпсіздік ережелері

Ауыл шаруашылығы алқаптарында өрттер мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, Сізден Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрлігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын сақтауды ерекше бақылауға алуыңызды сұраймын:

  1. Шөп шабу алдында ауыл шаруашылығы алқаптары мен периметрі бойынша жайылымдар ені кемінде 4 метр минералданған жолақпен жыртылады;
  2. Егіс науқаны басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерi әрқайсысы 5 литрлік кемінде екі өрт сөндіргішпен, жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады және қуаттау, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi;
  3. Адамдардың ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарда шөп шабу жұмыстарын жүргізген кезде, өрт болған жағдайда жану аймағын жыртуға, шөптесін өсімдіктердің өртенуіне жол бермеу үшін соқасы бар трактор пайдалану ұсынылады, өрт сөндіру құралдары - бейімделген бір жабдық немесе кемінде 5 текше метр тіркемелі контейнер, өрт сөндіргіштер, күректер, шатырлақтар;
  4. Автотрактор техникасын құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылған арнайы алаңдардан тыс жерде, немесе қырманнан, шөп пен сабаннан, астық алқаптарынан 100 метр қашықтықтағы, ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр қашықтықтағы жыртылған жерде сақтауға және мұнай өнімдерін құюға болмайды.
  5. Ауыл шаруашылығы техникасының кабинасы мен шанағында тез жанғыш заттарды сақтауға және тасымалдауға болмайды.

Ауылшаруашылық техникасының мотор бөлігі, бөлшектері мен тораптары таза ұсталады, жанғыш сұйықтықтардың дақтары дереу жойылады;

  1. Егіс науқаны мен дәнді дақылдарды жинау және азық дайындау кезеңінде:

      1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне;

      2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;

      3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға;

      1) бакте немесе цистернада жанармайдың бар-жоғын жанып тұрған сіріңкемен немесе басқа да ашық отпен тексеруге;

      2) ауыл шаруашылығы машиналарының (автомобильдер, комбайндар, тракторлар және басқа да тартылған жабдықтар) жарамды ұшқын сөндіргіштерсіз жұмыс істеуіне болмайды.

 

 Катонқарағай ауданының ТЖБ