Ғимараттар мен құрылыстардың шатырларының ұшуына қатысты

Ғимараттар мен құрылыстардың шатырларының ұшуына қатысты

Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі қауіпті метеорологиялық құбылыстардың салдарларына талдау жүргізді.

Жыл басынан бері қатты желдің салдарынан ғимараттардың шатырларын ұшуы бойынша 53 жағдай тіркелді, оның ішінде білім беру объектілерінде – 10, мәдениет объектілерінде – 2, денсаулық сақтау объектілерінде – 2, тұрғын ғимараттарда – 27, қоғамдық ғимараттарда әкімшілік ғимараттар – 12. Ұшқан шатырлардың жалпы ауданы 4 713 м2 құрады.

Анықтама: Маңғыстау облысында – 36, Батыс Қазақстан облысында тіркелген

Қызылорда-5 – тен, Атырау және Түркістан-2 – ден, Шымкент қ., Ақмола және Шығыс Қазақстан-1-ден.

ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ақпараты бойынша 2016 жылы Еурокодтардың әдістемесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы аумағының Климаттық сипаттамаларының жаңа карталары әзірленді.

Шатырдың ұшу себептерін талдау негізінен шатыр ұзақ пайдалану мерзімі бойы жөнделмеген немесе оны жөндеу үшін сапасыз шатыр материалдары қолданылған және ғимараттарда көтергіш элементтерді құрылыс немесе күрделі жөндеу кезінде монтаждау дұрыс жүргізілмегенен ұшу орын алатындығын көрсетті.

 Катонқарағай ауданының ТЖБ аудан тұрғындарына аспалы жабдықтың (теледидар және радио антенналардың, үйлер мен шаруашылық құрылыстардың шатырларының) сенімді бекітілуін тексеруді, электр желілерінің жақын маңдағы тіректеріне және олардағы сымдардың, көше электр шамдарының жай-күйіне назар аударуды ұсынады.

 Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Штаттан тыс, авариялық және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде 101,112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

 

Катонқарағай ауданының ТЖБ