«Судья және сот қызметкерлері» күні мерекесі қарсаңында кездесу өткізілді.

«Судья және сот қызметкерлері» күні мерекесі қарсаңында кездесу өткізілді.

Қазақстан Республикасында 24 маусым күні алғаш рет аталып өтетін «Судья  және сот қызметкерлері» күні қарсаныңда Катонқарағай аудандық соты Үлкен Нарын ауылдық лицейінің  9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Аталған іс-шараға кеңсе меңгерушісі Э.К.Жансултанова танысу экскурсиясын жасап, сот жүйесіндегі жұмыс жайлы айтып өтті.

Сондай-ақ, Эльвира Кумарбековна оқушылар арасында қысқаша викторина  өткізіп, сыйлықтар ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар қызығушылық тудырған  сұрақтарына жауап алды.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.