2022 жылғы 20 мамырда Катонқарағай аудандық мәслиахатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті

2022 жылғы 20 мамырда Катонқарағай аудандық мәслиахатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті

Сессияға 11 депутаттың 9-ы қатысты. Сессия жұмысына  Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары М.Нұрғалиев,    аудандық экономика және қаржы бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары қатысты.

Мәслихат сессиясының отырысы тұрақты түрде Интернет желісінде онлайн тәртібімен көрсетіледі.
Сессияда Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28

желтоқсандағы № 14/136–VІI «2022-2024 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 22/157-V «Катонқарағай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова 2022 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

                                                            Мәслихат аппараты