Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаттары  мен  аудан тұрғындарының назарына

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші   сессиясы 2022 жылы 20 мамырда  сағат 10.00-де  Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесіндегі   №102-үйде орналасқан Катонқарағай аудандық әкімдігінің ғимаратында өтеді.

Депутаттарды тіркеу сағат 09.30-дан бастап жүргізіледі.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 14/136–VІI «2022-2024 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Э.Акимбетова- Катонқарағай ауданының экономика және қаржы

бөлімінің басшысы.

  1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі

№ 22/157-V «Катонқарағай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  1. Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін

міндеттерінен босату туралы.