Өрт қауіпті кезеңі

Өрт қауіпті кезеңі

Өрт қауіпті кезеңіне байланысты, орман және дала алаптарында, тұрғын секторда және саяжай учаскелерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар: от жақпаңыздар,  жерге, құрғақ шөпке сіріңке және темекі тұқылын тастамаңыздар, егістікте және далада құрғақ шөпті жандырмаңыздар, балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер, ауыл тұрғындары мен бақшашылардың назарына: әрбір тұрғын құрылыстың жанында су толған ыдыстың және алғашқы өрт сөндіру құралдардың болуы қажет. Табиғатты өрттен сақтаңыздар!»

Өрт қәуіпті кезең басталғаннан бері Катонқарағай ауданы бойынша 14 жану болды, оның ішінде 4 дала өрті, жалпы ауданы 58 га.

Ақпарат үшін естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 336 бабына сәйкес  қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау–

 Жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өртті байқаған жағдайда дереу «101», «112»  телефондары бойынша хабарлаңыз.

 

 Катонқарағай ауданының ТЖБ