Баспасөз маслихаты өтті

Баспасөз маслихаты өтті

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен 2021 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс бойынша кеңсе мамандары, Катонқарағай аудандық «Арай-Луч» газетінің өкілі, Катонқарағай ауылы бойынша мекеме өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын ашқан соттың төраға міндетін атқарушысы Г.Т. Кудербаева 2021 жылдың шілде айынан бастап ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізіліп, Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерінің әкімшілік рәсімдерін жүргізу тәртібін, сондай-ақ құқықтық қатысатар саласындағы дауларды шешу тәртібін регламенттейтін заңнамалық акт болып табылатының сонымен қатар 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілгендігін, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар қызметіне жүгінуін жеңілдететінің, мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік беретінің, сонымен бірге, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі- өтініш берушімен кері байланыс жасап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын бірегей жүйе екенін айтты.

Іс шара соңында Г. Кудербаева статистикалық мәліметтерді жариялап, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, іс шараға қатысушыларға қатысқандары үшін алғасын білдірді.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық
сотының баспасөз қызметі.