«Крещение Господне» мерекесіндегі қауіпсіздік

«Крещение Господне» мерекесіндегі қауіпсіздік

18-нeн 19 қаңтарға қараған түнде православие әлемі Крещение Господне мерекесін атап өтеді. Бұл күні дінге сенушілер тазартылған бұлақтарға баруға тырысады. Мұзды суда болу кезінде жазатайым оқиғалар мен жарақаттануды болдырмау үшін ұйымдастырушылар қысқы суға шомылу орындарына деген бірқатар талаптар мен ережелерді ұстану қажет.

Иордания үшін ағысының жылдамдығы секундына 0,25 метрден аспайтын су айдыны таңдалып алынады. Суға түсетін жер кеме тұрағынан алыс, ағынды сулары жоқ жерлерде орналасуы тиіс.

Ойық таңдалған жердегі су түбі тегіс, түскен кезде жарақат алып қалмайтын қатты заттарсыз, ірі тастары жоқ, тік ылдиы жоқ, су өсімдектері жоқ, құмды болуы тиіс. Ойық таңдалған жердегі жаға да екі жақтан қозғалыс үшін ыңғайлы болуы шарт.

Суға түсетін жер жарық болуы керек, өрт қауіпсізідігі және электр қауіпсіздігі қағидаларының қатаң сақталуы қажет.

Ойық бар жерді барынша желден қорғап, ал оған жақын жерде жылынатын үй-жай орналасуы тиіс.

Купельді жабдықтаудың алдында, алаң қардан тазартылу керек, тазартылған жер купельдің ұзындығынан бірнеше есе көп болып, суға жан жағынан еркін келіп түсуге болатындай жағдай жасау қажет.

Ойықтың ең кіші мөлшері 3x3 метр. Тереңдігі 150 сантиметрден аспауы тиіс.

Суға түсетін жер барлық қажетті құралдармен жабдықталуы тиіс: мұздан шығатын ағаш тақтайшалар, суға түсетін баспалдықты саты және ұсталатын сүйеніштер болуы қажет.

Ойықты бірдей етіп тесу қажет. Мұзды бөліп-бөліп теседі, сонда оны бірден астына түсіріп жіберуге болады немесе су үстіне алып шығады.

Ойықтың шетіне саты орналастыру үшін 60x60 сантиметр көлемінде жеке ойып алады. Суға кіріп шығу үшін саты баспалдағы бестен аспауы керек. Ағаштан жасалған сатылар ойықтың шетіне бекітіледі. Сатының ұстанатын тұтқасының биіктігі 90-110 сантиметр мұздан шығып тұруы қажет.

Суға түсетін жер қоршалады. Кез келген шарбақ 7-10 метрдей қашықтықта орналасады. Ойықтың периметрі бойынша да адамдар абайсызда түсіп кетпеуі үшін қоршалады.

Ойыққа дейінгі жерде адамдар сырғанап құлап кетпеуі үшін торлы ағаш тақтайша төселеді, сырғып кетпейтіндей етіп бекітіледі. Купельге баратын барлық жолдар қардан тазартылып, мұз үстіне құм себіледі.

Суға түсетін жерді белгілеу және ұйымдастыру мәселелері жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі. Купелді жабдықтауға, суға түсу кезіндегі қауіпсіздікке жауапкершілік осы шараны ұйымдастырушыларға жүктеледі.

Көпшілік суға түсетін орындарда тәртіпті қадағалайтын полиция қызметкерлері, алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін медициналық қызметкерлер, сонымен қатар қауіпсіздікпен қамтитын құтқарушылар кезекшілік етеді.

Крещение купеліне түсер кездегі қауіпсіздік ережелері:
- суға түсер алдында, құтқару қызметі мен медициналық қызметкерлер өкілдерінің бақылауында екенін анықтап алыңыз;
- мұзда тұрып суға сүңгімеңіз.

Тыйым: салынады:
- спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде суға түсуге;
- балаларды ата-аналарының қарауынсыз суға түсіруге;
- жүрек-тамыр сырқаттары бар адамдарға мұздай суға түсуге.

Катонқарағай ауданының ТЖБ