Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кедесу  

Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кедесу   

Ағымдағы жылдың қараша айында «Катонқарағай – Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі Д.Нурпеисова және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Тоқсанова Үлкен Нарын ауылдық округінің Ашық Әкімдік  ғимаратында жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында жобалық кеңсенің басшысы «Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, округ тұрғындарын толғандыратын ескертулер мен ұсыныстарды тыңдады.

Тұрғындар үшін ең өзекті мәселелер тұрғын үй кезегіне тұру, жалпы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу мәселесі, әлеуметтік осал топтарға,  көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек туралы болды.

Кездесуге қатысқан тұрғындарға барлық толғандыратын сұрақтар бойынша заңнамаға сәйкес жауап берілді және консультативтік көмек  көрсетілді.