Жылыту маусымына дайындық

Жылыту маусымына дайындық

30 қыркүйек күні «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Д.Нурпеисова жылу қазандықтарының қысқы маусымға дайындығы жөнінде жиынға қатысты.
Жиында «Алтай КОМХОЗ Сервис» КММ-ң директоры Дастан Байғазыұлы Қысқа дайындық қарқынды басталып жылу қазандықтарына жөндеу жұмыстары және көмір қорымен қамтамасыз етілу туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, көп пәтерлі тұрғын үйлердегі заңсыз орнатылған су сорғыларын алдыру және сырттағы ашық жатқан жылу жүйесін қаптау, әлеуметтік нысандардың және заңды тұлғалардың жылу жүйелерінің дайындығы туралы ақпарат жеткізілді.
Аудан әкімі Ділдар Қалиқан қысқы маусымға дайындық бойынша құрылған арнайы штаб бірқатар мәселелері бар көп пәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.