Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы ережесіне

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы ережесіне

Мүгедектерді арнайы жұмысқа орналастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы №280 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы ережесіне» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы14 маусымдағы №519 бұйрығымен бекітілген «Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандартына» сәйкес, «Катонқарағай аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ – сі 2021 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындарын (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары) құратын жұмыс берушілерден немесе Еңбек биржасы арқылы өтінімдер жинауды жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінімге:
1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы; 2) банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама қоса беріледі.
Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес, жұмыс берушілерге субсидиялар арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі.
Жұмыс берушілерге субсидиялар уақытша жұмыс орындарын жарақтандыруға берілмейді.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарын құруға ниет білдірген жұмыс берушілерге ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің ресми интернет – ресурсында: www.enbek.kz «Электрондық еңбек биржасы» арнайы нысан бойынша өтінімдерді орналастыруға немесе Катонқарағай аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына келесі мекен – жайы бойынша жүгінуге болады: Үлкен Нарын ауылы, Аблайхан көшесі, 109-а (байланыс телефондар: 29528,21439).