Кезекті аппараттық кеңес өткізілді

Кезекті аппараттық кеңес өткізілді

16 қыркүйек  күні санитарлық талаптарды сақтай отырып аудан әкімі Д.Қалиқанның төрағалығымен аппараттық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында «Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова 2021 жылғы аудан әкімінің және ауылдық окру әкімдерінің есеп беру кездесулері кезінде келіп түскен мәселелерді талқылап, олардың орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Қарастырылған мәселелердің қорытындысы бойынша аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, сала басшыларына және ауыл әкімдеріне жылу қазандықтарын және  ауыл тұрғындарын көмір қорымен толықтай қамтамасыз етуді, мемлекеттік гранттар алып ауыл туризімін дамытып жатқан нысандарға мониторинг жасап, келесі жылы туристтердің қабылдауына дайындықты тексеру тапсырылды.