Тұрғын үй құрылысының сапасына мониторинг

Тұрғын үй құрылысының сапасына мониторинг

«Катонқарағай-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Д.Нурпеисова, Nur Otan партиясының аудандық филиалының өкілі Л.Ибраева және қоғамдық кеңес төрағасы В.Малахов Үлкен Нарын ауылындағы 30 пәтерлі үйдің құрылыс барысына мониторинг жүргізді.

2020 жылдың қыркүйек айында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша «ШҚО Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» жобасын іске асыру басталды, жобаның жалпы құны 287,531 млн.теңге.

Конкурстық рәсімдердің қорытындысына сәйкес мердігер ұйым «Жарма Құрылыс-Газ» ЖШС болып табылады (директоры Исабаев Виктор Серикгалиевич).

Қазіргі уақытта терезелерді орнату, қабаттарды әрлеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған жұмыс тобы мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустың  құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес жүргізілуіне аса көңіл аудару қажеттілігін атап өтті.