2021 жылғы 14 қыркүйекте сағат 12:55-тен бастап Катонқарағай ауданында теле-радиоарналарды ұстап қалумен және электросиреналарды іске қосумен құлақтандыру жүйесін жоспарлы тексеру өтеді.

Төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін, «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беруді білдіретін, электросиреналар немесе басқа да сигналдық құралдар қосылады.
Бұл сигнал бойынша не істеу керек?
Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаңыз және сирена дыбысын, яғни «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дыбыстық сигналын естісеңіз, дереу 104,0 жиіліктегі «Қазақ радиосы» радиосын (ұялы телефон арқылы) қосыңыз.
Үйдің дабылын естіген соң теледидарды жергілікті «Хабар», «31 арна», «КТК», «Қазақстан» арналарына қосып, ақпаратты мұқият тыңдаңыз.
Барлық ересек адамдар өздері ақпаратты меңгеріп, балаларға бұл сиренаның дыбысы - бұл сигнал «Баршаның назарыңа!» екендігін түсіндіру қажет. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз-олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін. Кез-келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз.
Сиреналардың жаттығу қосылыстарына түсіністікпен қарап, келтірілген ұсыныстарға сүйене отырып, міндетті түрде өзіңіз жаттығыңыз.

Катонқарағай аудан ТЖБ