Қаралған істер  бойынша  онлайн,  «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы баспасөз маслихаты өткізілді

Қаралған істер  бойынша  онлайн,  «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы баспасөз маслихаты өткізілді

Қаралған істер  бойынша  онлайн,  «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы баспасөз маслихаты өткізілді

Іс шараны ашқан соттың төрағасы м.а. Г.Кудербаева:

- «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес биыл шілде айынан бастап ҚР-ның әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілді. Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерінің әкімшілік рәсімдерін жүргізу тәртібін, сондай-ақ құқықтық қатынастар саласындағы  дауларды шешу тәртібін регламенттейтін заңнамалық акт болып табылатынын айтты. Сонымен қатар сот статистикасын жариялады, яғни 2021 жылдың осы уақытқа дейін – 92 талап арыз түскен, 76 арыз бойынша іс қозғалған.  Аяқталғаны 76 іс, оңайлатылған тәртіппен 11 іс қаралды, сот бұйрығымен 11 іс аяқталды, шешім шығарумен 44 іс аяқталды. Бұл ретте барлық талап арыздар «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен. Қаралған істер бойынша 2021 жыл аралығында барлығы 5 қылмыстық, 76 азаматтық және 57 әкімшілік іс қаралды. Сонымен қатар  медиация тәртібімен 13 азаматтық, 2 қылмыстық, 11 әкімшілік іс қысқартылғанын айтты. Баспасөз маслихаттың соңында  соттың төрағасы м.а.Г.Кудербаева   сұрақтарға жауап беріп, іс шараға қатысушыларға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі