Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау

Әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындығына қоғамдық бақылау

Ағымдағы жылдың қыркүйек  айында  аудан әкімі Қалиқан Ділдар Қалиқанұлының басшылығымен арнайы жұмыс тобы, оның ішінде «Катонқарағай-Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесі басшысы Д.Нурпеисова әлеуметтік объектілердің қазандық қондырғыларының техникалық  жай-күйіне және қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында, Үлкен Нарын ауылындағы орталық қазандықты және Балбөбек балабақшасындағы жылу жүесіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Қазіргі уақытта жылу трассасын, ұсақтау қондырғысын, көмір беру және күл шығару механизмдерін жөндеу, магистральдық және орам желілеріндегі ысырмаларды, көп пәтерлі тұрғын үйлердегі ысырмаларды ауыстыру және басқа бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар,  аудан әкімі аудандағы «Балбөбек»  балабақшасындағы жылу жүесінің олқылықтарын қалыпқа келтіруді тапсырды.